---
Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы
2025 жылдың 10 сәуір күні мектебімізде 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы» тақырыбындағы тәрбиелік кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыру, отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңыздылығын насихаттау, оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.