21
февраль
2022
«Кітапханаға кітап сыйла!»
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Қарасу негізгі орта мектебінің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өтті. Акцияға мектеп оқушылары белсенділік танытып өздерінің оқыған, оқуға кеңес беретін кітаптарын сыйға тартты.
