«Қашықтықтан оқытуды үйренемін » атты ашық online курсы » «Қарасу орталау мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
август
2020

«Қашықтықтан оқытуды үйренемін » атты ашық online курсы

Бүгінгі таңдағы пандемияға байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерді қайта даярлау тұрғысынан 27 шілдеден бастап «Қашықтықтан оқытуды үйренемін » атты ашық online курсы өтті. Бұл курсқа Қарасу негізгі орта мектептің ұстаздарыда қатысты. Нәтижесінде ұстаздар 40 сағаттық сертификатқа ие болды. Курста қашықтықтан оқыту бойынша бағыт-бағдарлар тиімді түрде берілген. Жан- жақты ұсынылған ақпараттармен таныса отырып , 5 ауқымды модульден тұратын курс барысында қашықтықтан оқытудың қыр-сырын меңгерді. Сонымен қатар, асинхронды оқыту мен синхронды оқытудың өзіне тән тиімді әдіс-тәсілдерімен кеңінен аталып өткен. Алынған ақпараттарды арнайы берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойымызды жүйелі түрде жинақтауға толық жағдай жасалынған. Осы курс барысындағы алған білімді практика жүзінде нәтижелі қолданатынымызға сенімдіміз. «Қашықтықтан оқытуды үйренемін » атты курсты ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!!! Сіздерге көп рахмет!!!
@nishtaldykorgan