Мектеп тарихы » «Қарасу орталау мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2022

Мектеп тарихы

Мектептің іргетасын қалаған қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Мейірман Ермектасов. Ол 1924 жылы Лепсідегі орыс байларының бұзылған үйлерінің бөренелерден қиылған ағаштарын, төбесін жабатын қаңылтырларын тасып әкеліп, Еңбек ауылының ортасынан мектеп салды. Ол алғашында бастауыш мектеп болды, шаруа жастар мектебі деп аталды. Ғимарат төбесі қызыл қаңылтырмен жабылғандықтан «Қызыл мектеп» аталып кеткен.
1936-1939 жылдары Қарасу орталау мектебінің директоры болған Мәкей Еркінбеков. Ол 1895 жылы кедей шаруа отбасында өмірге келген. 1905-1911 жылдары Қапал ауылындағы жетіжілдық татар мектебінде білім алып, 1912 жылдан мұғалімдік жұмысқа араласады. 1918-1920 жылдары Қызыл Гвардиялық интернатында жұмыс істейді. 1920-1932 жылдары Талдықорған өңірінде бірнеше мектепте мұғалім, директор болады. 1939-1947 жылдары Қарасу балалар үйінің директоры болып қызмет етеді. 1947 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шығып, 1952 жылы қайтыс болады. Балалар үйінде жан-жақтан келген жетім балалар оқиды. Ол кезде балалар үйінде 149 бала тәлім алған болатын. 1953 жы лы балалар үйі Сарқанд қаласына көшіріледі. «Қазақстанның 15 жылдық мерекесі» белгісімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» , «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. КСРО-ға еңбегі сіңген мұғалім.
1955 жылдан мектеп басшылары болып Ерғабыл Тұрсынбеков, Қалматай Аханов, Батима Бимолдина, Кәріпбаев Заманбек, Аханбаев Хошман, Аманғазина Бақтыбала, Досмұхамбетов Асхат, Нағманов Есен қызмет етті.
1997 оқу жылынан бастап ұжымды Досаев Тұрсынбек Тезекбайұлы басқарды. Досаев Тұрсынбек Тезекбайұлы басқарған мектеп – ел ертеңін біліммен қаруландыратын, тәрбие беретін алтын бесікке айналды. 2012 жылы «Қарасу орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа ғимаратқа көшті. Ауыл жұртшылығы мен мектеп ұжымы кең де жарық әрі жылы ғимаратта балаларының оқып жатқанына ерекше қуанышты болды. Жаңа мектеп ауылдың көркін бір ашса, ұрпақ еңсесін және көтеріп тастады. Ұжымда 16 мұғалім оқушыларға дәріс берді.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нусипова Майке Амангелдіқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саятұлы Мади, педагог-психолог Атамбаева Шамшибану Нусипжановналарда мектептің әрі қарай гүлденуіне зор үлестерін қосты. Мектептің сыртқы келбетіде ішкі мазмұнына сай келіп тұрды. Барлық кабинеттер жаңаша үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Информатика кабинеті толықтай компьютермен жарақаттандырылған.
2014 жылдан бастап мектеп басшылығының тізгінін Тойшыбекова Айзат Жаңбырбайқызы ұстады. Жаңа мектеп қабырғасынан терең білімді, ғаламдастыру толқынына төтеп бере алатын, ұлттық болмысымызды биікке көтерер салауатты ұрпақ білім алып шығары кәміл. Жалпы мектептегі оқу үрдісі бойынша үш пәндер бірлестігі жұмыс істеді. Мектепте осы жылдары 18 жоғары білімді мұғалім қызмет атқарды. Барлығы өз пәндерінің шебері , бала жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаздар.
Қазіргі таңда «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін тәжірибелі ұстаз Сагадиев Мухтар Лебекович басқарып отыр. Мектеп ұжымы биылғы жылы бірнеше жас мамандармен толығуда.
«Ұстаз өз бойына өз ісі мен шәкіртіне деген сүйіспеншілікті біріктіре алса, ол-кемел ұстаз» демекші , біздің мектептің мұғалімдерінің барлығы жоғары білімді, оқушы рухын нәрлендіретін қызметкерлер. Мектептегі дарынды оқушылармен жұмыс бағытында жас ұрпаққа өздеріне ғана тән қабілеттерін ашатын, ізденіс жұмыстарымен шұғылданатын ұстаздар аз емес. Олар химия пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «Пед Старт-2020» олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталған Бейсембек Назерке Есболатқызы, Республикалық «Жылдық үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2019» І дәрежелі дипломымен марапатталған Бекболатұлы Біржан, облыстық педагогикалық оқу «Бастауыш сыныпты оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» атты ІІ дәрежелі дипломммен марапатталған Кирисбекова Анар Қожахметовна, «Қос аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық патриоттық клубының мақтау қағазымен сертификатталған Барлыбаев Санат Сермуханбетович, облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының ІІІ орын жүлдегері Рахатова Баглан Кенесбековна, Ақсу ауданының білім бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған Анар Иманалиқызы, облыстық «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім беру сапасын көтерудің факторы» атты байқаудың жүлдегері Құсайынова Салтанат Нурмуханбетовна.
Мектептің тірегі де, тіреуі де –оқыта білетін мұғалім» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін негізге ала отырған мұғалімдердің шәкірттері «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық, облыстық кезеңдерін жеңіп алған Қайсарұлы Нұрым, Саятұлы Саян, Муниф Ернар, Елеухан Азамат, Лебеков Максат. Міне, мектептің алға деген ұмтылысын және жаңаша серпілісін осыдан да байқауға болады. Осы аталған жетістіктердің барлығы білікті басшы мен білімді ұстаздардың жұмысының игі нәтижесі деп білеміз. Алдағы оқу жылында да мектеп өмірін толағай табыстармен өрнектейтінімізге сенімдіміз.

Похожие публикации:

20 август 2021 ASHYQ ЖОБАСЫ
23 декабрь 2017 2017-2018 оқу жылы
28 апрель 2017 Мектеп тарихы