Іс-шаралар » Страница 3 » «Қарасу орталау мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы"
13
декабрь
2022
"Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы"
"Қарасу негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен "кмм-де Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы" атты тақырыбында 1-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді .Мақсаты: Оқушылдардың еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту,Отанын қорғауға тәрбиелеу . Сынып жетекшісі: Турбекова Шолпан Ахметовна
"Менің құқықтарым - менің міндеттерім"
16
ноябрь
2022
"Менің құқықтарым - менің міндеттерім"
"Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 сынып оқушыларымен "Менің құқықтарым - менің міндеттерім" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Жауапты мұғалім Рахатова Б.К.
"Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау"
16
ноябрь
2022
"Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау"
16.11.2022ж күні Құқық пән мұғалімі Ахметов Санжар "Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Байтұрсынұлының туғанына 150
28
апрель
2022
Байтұрсынұлының туғанына 150
Қарасу негізгі орта мектебінде қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінің мақсаты - ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру. Кітап көрмесінде ұсынылған материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.
Авариялық оқу-жаттығу
11
апрель
2022
Авариялық оқу-жаттығу
2022 оқу жылына азаматтық қорғау саласында жаттығулар мен машықтанулардың өткізілу жоспарын орындау мақсатында 08 сәуір күні «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде авариялық оқу-жаттығулар өткізілді
Ермектасов Мейірман Қашқынбайұлына
31
март
2022
Ермектасов Мейірман Қашқынбайұлына
Қарасу негізгі орта мектебінде ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ермектасов Мейірман Қашқынбайұлына мемориалды тақтатас мектеп директоры Сагадиев Мухтар Лебековичтің басшылығымен орнатылды.Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы, "Жетісу" газетінің тілшісі Қажет Андас, Алаштанушы Абай Мырзахмет, Мейірман Ермектасовтың немересі Мейірманова Майра Зекенқызы, Мейірман Ермектасовтың бажасы Мықтыбаев Нүсіпбайдың ұлы Мықтыбаев Жексенбек
«Ұлттық дәстүр »  атты кітап көрмесі
28
март
2022
«Ұлттық дәстүр » атты кітап көрмесі
Қарасу негізгі орта мектебінің кітапханасы мектеп ұжымына және оқушыларына «Ұлттық дәстүр » атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі,
"Бақ дарытар құт Наурыз
25
март
2022
"Бақ дарытар құт Наурыз
Наурыз мерекесіне орай Қарасу негізгі орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Ж.Каташеваның жетекшілігімен "Бақ дарытар құт Наурыз" тақырыбында қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге мектеп оқушылары мен ата-аналарының бірлесіп жасалған жұмыстары қойылды. Көрменің мақсаты ата-анамен баланың бос уақытын тиімді пайдалана білуі, ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.Ұлттық қолөнерімізді ұмыт қалдырмай, күнделікті өмірімізде пайданалу.
«Әр сыныпқа бір ағаш»
25
март
2022
«Әр сыныпқа бір ағаш»
"Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 18 наурыз күні мектепшілік жоспарға сай «Әр сыныпқа бір ағаш» атты акция ұйымдастырылды.
Ұлттық ойындарды насихаттау
21
март
2022
Ұлттық ойындарды насихаттау
Қарасу негізгі орта мектебінде Кеңжыра, Тарас, Қарасу мектептеріндегі отбасылар арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында "Ұлттық ойындар әлемінде" атты жарыс өткізілді.1-орын Тарас командасы,2-орын Қарасу командасы, 3-орын Кеңжыра командасы иеленді